Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Жас ғалымдар зерттеулері

Жас ғалымдар зерттеулері

Назардағы ғылыми еңбекте, ерте темір дәуірі скиф-сақ тайпаларының этномәдениетінің көріністерін сараптау арқылы Еуразияның көне түркі өркениетінің бастаулары қарастырылады, сонымен қатар қазіргі заманғы түркі халықтарының рухани және заттай құндылықтарының ортақ белгілерін айқындау арқылы көне түркілердің мәдени мұрасына баға берілуде.
Мақалада революцияға дейінгі жазылған еңбектердегі қазақтың дәстүрлі құқығы мәселелері қарастырылған. XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілерінің жазып қалдырған еңбектері дәстүрлі қазақ құқығының негізгі дереккөздерінің бірі болып табылады. Осы зерттеулердегі дәстүрлі құқықтың қоғамдық-әлеуметтік орны қазақ елінің дәстүрлі мәдениетімен біте қайнасып жатты. Ол тек жекелеген мәселелерді ғана емес тұтастай қазақтың этномәдениетін және рухани келбетін сипаттап келді. Революцияға дейінгі қазақтың дәстүрлі құқығына қатысты зерттеулер мен деректерді этнографиялық тұрғыда салыстырып қарау қазақ этнографиясының аннотацияланған библиографиялық көрсеткішін құрастырудың бір бөлігі ретінде қарастырса болады. Кілт сөздер: дәстүрлі құқық, би, сот, әдет-ғұрып, мұра, ру, қазақ, заң, зерттеу.
Ерейментау ауданындағы жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатындағы барлау жұмыстары
Бұл мақалада Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының Ерейментау ауданының археологиялық ескерткіштерін анықтау мақсатындағы жүргізілген экспедицияның қорытындылары берілген. Мақалада Ерейментау ауданында орналасқан мәдени ескерткіштердің атаулары және олар туралы қысқаша сипаттама кездеседі. Экпедиция нәтижесінде, сол аймақтың әр кезеңдегі тарихын сипаттайтын 70-тен аса жаңа археологиялық объектілер анықталды. Түйін сөздер: археология, экпедиция, Ерейментау ауданы, ескерткіштер, барлау жұмыстары.