Басты бет » Жоба туралы » Журнал туралы

Журнал туралы

БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1627 бұйрығымен Журнал Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енді.

Свидетельство

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы Куәлік

Халықаралық «e-history.kz» (edu.e-history.kz) журналы — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қадағалау тізбесіне енгізілген Қазақстандағы жалғыз электрондық ғылыми басылым.

Журнал ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде тарихи білімді насихаттап, таратуға қазіргі инфокоммуникациялық технологияны ғылыми мәнде пайдалануды одан әрі белсендіруді және соның негізінде жаңа зерттеу танымын, гуманитарлық білімнің сандық (digital humanities) жаңа тәсілін қалыптастыруды және желілік технологияларды ұлттық тарихты неғұрлым танымал етуді, сонымен қатар Қазақстан тарих ғылымының жаңа парадигмаларын жасаудың құралы ретінде пайдалануды қарастырады.

Журнал Қазақстан тарих ғылымының әлемдік тарих ғылымы қауымдастықтарымен тығыз және өзара әрекеттесуінің бұдан былайғы алаңы ретінде жоспарланып, ғылыми, ақпараттар алмасу арнасына айналмақ, яғни ғалымдарға бұл басылым өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялап, қазіргі байланыстың неғұрлым жаңа түрлері арқылы халықаралық ғылыми ортада танымал болуға кең мүмкіндіктер бермек.

Бұл басылым Қазақстан, жалпы Орталық Азия, Еуразия кеңістігі тарихы мәселелерімен айналысатын дүниежүзі ғалымдарына, сонымен бірге оқытушыларға, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға ғылыми ізденістерінің нәтижелерін жариялауға арналған.

Электрондық «е-history.kz» (edu.e-history.kz) ғылыми басылым www.e-history.kz порталы арқылы жүргізіледі.

Халықаралық «e-history.kz» (edu.e-history.kz) электрондық ғылыми журналының құрылтайшысы — «Қазақстан тарихы» веб-порталының ғылыми кеңесші ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті бекіткен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Азамат Утемуратов25.02.2016, 12:23

Макала оте адеми жазылыпты